Лекция 3

Жүйке жүйесiнiң физиологиясы, оның жас ерекшелiктері.

1.     Орталық нерв жұйесiнiң құрылымы

2.     Жүйке жүйесiнiң физиологиясы, оның жас ерекшелiктері

Орталық нерв жұйесi орналасуына және қызметiне қарай орталық және шеткi нерв жұйесi болып бөлiнедi.   Орталық бөлiмiне жҰлын мен ми, ал шеткi бөлiмiне жҰлыннан шығатын 31 жҰп жҰлын ми нервтерi және мидан шығатын 12 жҰп ми нервтерi.

      Нерв жұйесiнiң қҰрылымдық бiрлiгi болып нейрон табылады. Адамда нерв клеткаларының жалпы саны 50 миллиардқа жетедi. Нейрон деп нерв торшасы мен оның өсiндiлерiнiң жиынтығын айтады.

Нейрондар пiшiнi, көлемi жағынан әртұрлi. °рбiр нейрон да денесi, қысқа өсiндiлерi-дендриттер, Ұзын өсiндi-аксон және аксон Ұштары-терминалдарын ажыратады.

         Нейрон денесiнде протоплазма, ядро басқа клеткаларға тән органоидтар және тек нейрондарда кездесетiн тигроид (қарала) заттар болады.

      Нейрон өсiндiлерiнiң Ұзындығы 1 микроннан 1,5 метрге дейiн болады.

         Әр нейронда бiр аксон, бiрнеше дендрит болады. Аксонның нейрон денесiнен басталатын жерi аксон төмпешегi деп аталады. Төмпешегi тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды.

   Аксон нерв импульстерiн басқа клеткаларға-нерв, ет немесе секреторлық клеткаларға жеткiзедi.

    Сезiмтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тiтiркенiштi шеткi рецепторлардан орталық нерв жұйесiне жеткiзедi, ал қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны нерв импульстерiн орталық нерв жұйесiнен дене еттерiне жеткiзедi. Орталық нерв жұйесi iшкi ағзалармен де аксон арқылы байланысады.

         Аксонның негiзгi қызметi нерв импульсiн өткiзу. Импульстер аксон мембранасының өтiмдiлiгiнiң өзгеруiне байланысты электр потенциалының туындауы нәтижесiнде пайда болады да, аксон бойымен сомадан нерв Ұшына дейiн толқын сипатта таралады.

         Аксон аяқтылар жерiнде тарамданып, жiңiшке тармақтар-терминалдар тұзедi де. әрбiр терминал өздерi жалғасатын клеткалармен арнаулы жалғамалар немесе синапс қҰрады.

         Дендриттер нерв клеткасы өсiндiлерiнiң бҰтақтана тармақтануы нәтижесiнде пайда болады. Олар басқа нейрондар әсерiн синапс арқылы қабылдайды. °рбiр нерв клеткасының дендриттерiмен жұздеген немесе мыңдаған нейрондар аксонының терминалдары жалғасады. °рбiр қозған терминал медиатор бөледi де, дендрит мембранасының өтiмдiлiгiне әсер етiп, оның электр потенциалын өзгертедi.

         Нейрондар орталық нерв жұйесiнiң функциональдық негiзi болғанымен, олар нерв жұйесiндегi барлық клеткалардың тек 10% ғана қҰрайды. Негiзгi бөлiгiн нейрондар аралығын толтырып тҰратын глияльдық клеткалар (нейроглия) қҰрайды.

         Глияльдық клеткалар төрт топқа бөлiнедi: ми мен жҰлында орналасатын астроциттер, олигодендроциттер және микроглия мен шеткi нервтерде орналасатын Шванн клеткалары.

Нейроглия келесi қызмет атқарады:

1.     Қаннан нейрондарға керектi қоректi заттарды алып, зат алмасу өнiмдерiн нейрондардан қанға өткiзедi.

2.     Нейрондардың тiршiлiгiне, қызметiне қажеттi жағдай жасайды, иондық қҰрамын, медиаторлармен судың деңгейiн бiрқалыпты сақтайды.

3.     Олигодендроциттер нейрондар аксонының миелин қабығын жасауға қатысады.

4.     Нейроглия нейрондар арасындаы қарым-қатынасты кұшейтедi, есте сақтауды, уақытша байланыстардың пайда болуын жеңiлдетедi.

Нейрондар атқаратын қызметiне қарай сезiмтал (афференттiк), қозғалтқыш (эфференттiк), жалғаушы болып бөлiнедi.

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Нейроглия қызметі

2. Глияльдық клеткалар қандай топқа бөлiнедi

3. нейрон деген не

4. Аксоннның құрылысы

5.Дендриттер ерекшеліктері

 

Әдебиеттер

 

1.Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ. 1985 .

2.Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.

3.Сатпаева  Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы ғылым. Алматы.Ғылым ,1999

 

 

 

Лекция 4

Тақырыбы: Жоғары жұйке әрекетi және оның жасқа сай ерекшелiктерi.

1.     Орталық нерв жұйесiнiң жеке бөлiмдерiнiң морфологиялық және физиологиялық

ерекшелiктерi.

 2. Импульс қабылдаудың нейрофизиологиялық механизмi мен жасқа байланысты   ерекшелiктерi

         Орталық нерв жұйесiнiң қызметi рефлекторлық сипатта атқарылады. Рефлекс туралы тұсiнiк ХVII ғ. Р.Декарттың (1596-1650) рефлекстiң механикалық концепциясында туындады,ал ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817) Рефлекс туралы iлiмдi одан әрi дамытып психофизиологиялық концепциясын И.М.Сеченов, шартты рефлекстер концепциясын И.П.Павлов, Ухтомский, В.К.Анохин қалыптастырған.

    Биологиялық тұрғыда рефлекс деп организмнiң әртұрлi iшкi немесе сыртқы әсерлерге орталық нерв жұйесiнiң  қатынасуымен беретiн жауабын айтады. Ал рефлекстi қамтамасыз ететiн анатомиялық қҰрылымды  рефлекс доғасы дейдi.  Рефлекс доғасы нерв жұйесiнiң функциональдық негiзi болып саналады.

 Рефлекс доғасы бес бөлiмнен тұрады.

1.     Қабылдаушы қҰрылым-рецептор.

2.     Қозуды орталыққа жеткiзетiн афференттiк нерв.

3.     Афференттiк аралық, эфференттiк нейрондардан тҰратын орталық.

4.     Қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттiк нерв.

5.     Жауап берушi қҰрылым.

Рефлекстiк доға бұтiн болған жағдайда ғана рефлекс қызметiн атқарады. Ал егер тҰтастығы бҰзылса рефлекс туындамайды.

  Морфологиялық және физиологиялық ерекшелiктерiне қарай рефлекстердiң топтары:

1.     И.П.Павлов барлық рефлекстердi шартсыз (туа бiткен) және шартты (жұре бiткен) рефлекстер деп бөлген.

2.     Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректiк, сақтану, қорғаныстық, жыныстық, бағдарлау т.б

3.     Рецепторлардың орналасуына қарай экстерорецептивтiк (сыртқы), интерорецептивтiк (iшкi), проприорецептивтiк (ет, буын) деп бөледi.

Экстерорецептивтiк рефлекстер дененiң беткейiнде, интерорецептивтiк рефлекстер iшкi ағзаларда, ал проприорецептивтiк рефлекстер ет пен буында орналасқан рецепторлардың тiтiркеуiнен басталады.

4.     Эфференттiк бөлiмiнiң сипатына қарай рефлекстер сомалық (дене) және вегетативтiк болып бөлiнедi.

5.     Рефлекстер қатысатын ми бөлiмiне қарай жҰлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми (мезинцефалдық), аралық ми (диенцефалдық), алдыңғы ми (кортикалдық) рефлекстер болып бөлiнедi.

6.     Эффекторға әсерiне байланысты рефлекстер қоздырғыш және тежеушi болып бөлiнедi.

Организмде әр рефлекстiң өзiндiк орталығы болады. Нерв орталығы деп организмнiң белгiлi бiр қызметiн реттейтiн орталық нерв жұйесiндегi нейрондар жиынтығын айтады. Мысалы, тыныс алу,қан айналым, ас қорыту, сiлекей бөлу, т.с.с

      Нерв орталықтарына бiрнеше физиологиялық қасиеттер тән: қозуды бiр бағытта өткiзу, өтуiн баяулату, қозудың жайылуы, қозу ырғағы мен кұшiн тұрлендiру, қозудың жинақталуы, доминаттық, тежелу процессi.

Орталық нерв жұйесiнiң жеке бөлiмдерiнiң морфологиялық және физиологиялық ерекшелiктерi.Орталық нерв жұйесi жҰлын мен мидан тҰрады. Жұлын филогендiк тҰрғыдан орталық нерв жұйесiнiң ең ерте пайда болған көне бөлiмi. Ол омыртқа өзегiнде орналасқан, Ұзындығы ересек адамдарда 45см, салмағы 34-38г, ми салмағының 2% тұзедi.

          Жұлын жоғары жағынан сопақша мимен жалғасады, ал төменгi жағы екiншi бел омыртқа тҰсында соңғы жiпше деп аталатын бөлiмiне  ауысады да жҰлын қҰйымшақ омыртқасына бекидi.

      Жұлынның екi жерiнде нерв клеткаларының шоғырлануынан пайда болған жҰлын буылтығы бар. Оның жоғарғы VI мойын омыртқа тҰсында орналасқан бөлiгiн жҰлынның мойын буылтығы, ал екiншi бел буылтығы деп аталады. Осы буылтықтар тҰсынан қол мен аяқты нервтермен толық жабдықтайтын өте iрi және Ұзын көптеген жұйкелер басталады.

         Жұлынның алдыңғы және артқы беттерi бар, оның алдыңғы бетiнде орталық саңылау, ал артқы бетiнде артқы орталық сайы орналасқан. Саңлаумен сай арқылы жҰлын екi тең бөлiкке бөлiнедi де, оң және сол бөлiктерi деп аталады.

          Жұлынның көлденең қиындысында ақ және сҰр зат байқалады. СҰр зат пiшiнi көбелектiң қос қанатына Ұқсайды. СҰр заттың денесiнен созылған алдыңғы, артқы, бұйiр (жҰп) мұйiздерi болады. Ақ зат сҰр затты айнала қоршайды. СҰр заттың алдыңғы және артқы қос мұйiздерi ақ затты төрт бағанаға (алдыңғы, артқы және екi бұйiр) бөледi.

         Жұлынның алдыңғы тұбi эфференттiк аксондарынан қҰралған, артқы тұбiрi афференттiк нейрондардың орталыққа өткiзгiш өсiндiлерiнен тұзiлген.

Жалпы жҰлын 31 сегментке бөлiнген. °рбiр сегмент алдыңғы және артқы тұбiрлерi арқылы дененiң оған сәйкес және көршiлес сегментiмен байланысады. Сондықтан жҰлынның бiр тұбiр бҰзылса, не кесiлсе,оған сәйкес дене сегментiнде сезiм және қозғалыс қызметi толығынан жойылмайды. Оның қызметiн көршiлес сегменттiң нейрондары орындайды. Тұбiрлердiң физиологиялық маңызын XIX ғасырдың бiрiншi жартысында Г.Белла мен  Ф.Мажанди анықтаған. Олар тәжiрибе жұзiнде ұстiңгi тұбiрдi қиып тастағанда сезiмталдықтың жойылатынын, ал астыңғы тұбiрдi қиғанда қимыл әрекетiнiң бҰзылатынын анықтаған.

         Адамның жҰлынын да 13,5млн-дай нейрондар болады. Олардың 97% сезгiш және аралық 3% қозғалтқыш нейрондар. Іозғалтқыш нейрондардың альфа  және гамма  екi тұрi сҰр заттың алдыңғы мұйiзiнде орналасады.

   Вегетативтiк  нерв жұйесiнiң нейрондары ерекше клеткалар тобын қҰрайды. Симпатикалық нейрондардың денесi жҰлынның бұйiр мұйiзiнде орналасады. БҰл нейрондар қан тамырларының, iшкi ағзалар қабырғасының бiрыңғай салалы еттерiнiң, бездерiнiң қызметiн реттеуге қатысады.

  Парасимпатикалық нейрондар денесi жҰлынның қҰйымшақ бөлiгiнде орналасады.

   Жұлын рефлекстiк және өткiзгiштiк қызмет атқарады. Тiтiркендiргiштердiң әсерiнен пайда болған қозуларға жауап бередi және қозуды ми қыртысында орналасқан орталыққа дейiн жеткiзедi және осы орталықтан барлық мұшелерге жауап алып келедi (жҰлынның өткзгiш жолдары).

Бас миы және бөлiмдерi. Ми орталық нерв жұйесiнiң алдыңғы және ең маңызды бөлiгi. Ол бассұйек қуысында ми сауытында орналасады. Жаңа туған балада мидың салмағы 400г шамасында болса, ересек адамдарда 1200-2000г дейiн барады. Адамның ойлау қабiлетi, ақылдылығы мен даналық қасиеттерi мидың салмағына байланысты емес. Мысалы белгiлi орыс жазушысы И.С Тургеневтiң (1811-1883) миының салмағы 2000г шамасында болған, ал жазушылық қабiлетi Тургеневке жақын француз жазушысы А. Франстың миының салмағы 1000г шамасына. Сонымен қатар медицина практикасында есi кем (идиот) баланың миының салмағы 3000г болған.

         Қазiргi кезде белгiлi болғандай адамның миының салмағы 900г аз болса интеллект төмендейдi дейдi.

      Ми ең жақсы дамыған, атқаратын қызметi өте кұрделi бөлiмi. Ол мидың шарты шар тәрiздi оң және сол жақтағы сыңарлары. Ми қыртысының қызметi, адамның жоғары дәрежелi нерв қызметiн қҰрайды. Жоғары дәрежелi нерв қызметi туралы iлiм өте кұрделi, маңызды, психофизиологиялық негiзi. Сондықтан Ж.Д.Н.І туралы сҰрақты жеке қараған жөн.

      Ми бес бөлiмнен тҰрады: ұлкен (соңғы) ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми болып аталады.

      Адамның iс-әрекетiн, қимылын, реттеуде орталық нерв жұйесi кұрделi роль атқарады. Сопақша мида тыныс алу, жұрек қызметiн реттеу, асқорыту т.б рефлекстердiң орналасады. Іаңқа бҰлшық ет тонусын реттеуде сопақша мидағы Дейтерс торшаларының маңызы зор. Егер Дейтер клеткалары бҰзылса ет сiресiп қалады. Дененiң жазғыш еттерi рецепторларынан келген импульстер Дейтерс клеткаларының қозғыштығын кұшейтедi. Сол себептi жазғыш еттерге новокаин ерiтiндiсiн ексе еттерiнiң ересуi тиылады. Сонымен қатар сопақша ми тонустық рефлекстердi реттей отырып, организмнiң қимыл әрекетiн қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

      Мишықтың ең бас қызметi адамның өз еркiмен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттердi ұйлестiрiп отыру. Іандай да болсын қимыл-әрекеттiң дәлме-дәл орындалуы, тепе-теңдiктi сақтау мишыққы байланысты екенiн айтқан жөн.

Ортаңғы ми кұрделi қимыл-қозғалыс және  бағдарлау рефлекстерiн реттеуге қатысады.

Аралық ми қҰрамына таламус, эпиталамус және гипоталамус кiредi. Таламус ядроларында жанасу проприо-термо-ауырсыну, дәм сезу рецепторларынан импульстер тоғысады. Егер таламус зақымдалса рецепция бҰзылады.

Гипорталамус организмнiң вегатативтiк орталықтарының ең жоғарғы бөлiгi. Гипаоталамус вегетативтiк, соматикалық және эндокриндiк қызметтi реттейдi. 

Алдыңғы ми қҰрамына ұлкен ми жартышарлары және қыртысасты тұйiндер кiредi. Ми қыртысында 12-18 млрд. жуық нейрондар бар. Ересек адамдардың ми жартышарларының массасы жалпы мидың 80 процентiн қҰрайды. Жалпы ми қыртысының ауданы ересек адамдарда 2200-2600 см2 . Іыртысастында ұлкен ми жартышарларының ақ заты орналасады. БҰлар ассоциативтiк, комиссуралдық және проекциялық талшықтар, жартышарлар бөлiмдерiн байланыстырады. Ми қыртысында сезiмтал, қозғағыш және  жалғастырғыш аймақтарды ажыратады. Жоғарғы нерв жұйесi қызметi және оның жасына байланысты ерекшелiктерi.

Организмнiң қоршаған ортамен қарымқатынасын қамтамасыз ететiн ұлкен ми шарлары қыртыстары мен оған жақын орналасқан қҰрылымдар кұрделi қызметтерiнiң жиынтығын жоғарғы жұйке жұйесiнiң қызметi деп атайды(ЖЖЖІ).

Жоғарғы жұйке жұйесiнiң қызметi туралы тұсiнiк. Шартты рефлекстiк қызмет жұйке жұйесәнәң жеке қызметiне байланысты. Жұйке жұйесiнiң жеке қызметi әрбiр адамның ата-анасынан берiлетiн нәсiлдiк қасиеттерiне және  оның жеке дамуы кезiнде пайда болған, өмiрден тұйген тәжiрибесiне байланысты.  Осы қасиеттерiнiң жиынтығы -  жоғарғы жұйке жұйесiнiң типi болып табылады.

Жоғарғы жұйке жұйесiнiң қызметiнiң иiлiмдiлiгi. Жұйке жұйесiнiң тума қасиеттерi негiзiнен тҰрақты болады. Бiрақ жұйке жұйесiнiң иiлiмдiлiгi арқасында ғана тәрбиенiң нәтижесiнде олай да, былай да ауытқып, өзгеруi мұмкiн. ЖЖЖІ-iнiң типi тҰқымдық қасиеттерi мен адамның тәрбиесi нәтижесiнде қалыптасады.

Жоғарғы жұйке жұйесiнiң қызметiнiң икемдiлiгi аса маңызды педагогикалық фактор болып табылады. Жұйке жұйесiнiң қызметi мен икемдiлiгi шынығуға, тәрбиелеуге көнедi. µшқалақ типтегi балаларды салмақтылыққа тәрбиелеуге болады. Жұйкесi жҰқа типтегi балаларды Ұзақ мазасыздау олардың шектен шығып кетуiне  әкеп соқтырады. Оларда невроз пайда болады. Ондай балалар жаңа тәртiпке қиындау ұйренедi, арнайы назар аударуды талап етедi.

Шартты рефлекстердiң жастық ерекшелiктерi. Балалардың жоғарғы  жұйке қызметiнiң типтерi. Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларда бiрiншi және екiншi сигнал жұйелерiнiң қарым-қатынасы сипаты өзгередi. Ал 3-4 жасар балалардың бiрiншi сигнал жұйесi екiншiсiнен басым болады да, екiншiсiн тежеп отырады. Ал ол 6-7 жаста керiсiнше болады. Балаларда екiншi сигнал жұйесiнiң дамуы олардың мектеп тәрбиесiне дайындығын көрсетедi.

Бастауыш мектеп жасында ми қыртыстарының қарқынды дамуы жұйке жҰмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жұруiн қамтамасыз етедi. Ми қыртыстарында тежеу процестерiнiң дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады.Жоғарғы жұйке жұесiнiң бөлiмдерiнiң арасындағы байланыстардың қалыптасуы - ми қыртыстары iшiндегi ассоциативтi жұйке жолдарының пайда болуына  байланысты.  Балаларды оқу мен жазуға ұйретуге байланысты сөздiң байланыстырушы қызметi арта тұседi.  Екiншi сигнал жұйесiнiң маңызы арта тұседi.

Бiрқатар шартты-рефлекс қызметiнiң өзгеруi жасөспiрiмдiк кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетiлудiң басталуы гипоталамус активтiлiгi артуына сәйкес келедi.  БҰл қыртыс-қыртысасты арақатынасы балансының өзгеруiне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспiрiмдер шауланшақ болып,  салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша iшкi байланыстар тұзу қиындайды. Бiрiншi сигналға болсын, екiншi сигналға болсын шартты рефлекстер тұзiлу жылдамдығы баяулайды.  Жасөспiрiмдердiң жоғарғы жұйке жұйесi қызметiнiң ерекшелiктерi оларға айрықша назар аударуды талап етедi. Оқу-тәрбие жҰмыстарын осыған сәйкес жұргiзу  керек.

Балалардың жоғарғы жұйке жұйесi қызметiнiң типологиялық ерекшелiктерi. Красногорский балалардың жоғарғы жұйке жұйесiн зерттей отырып, балалық шақта оның 4 типi болаиынын анықтады:

1. Кұштi, салмақты , елгезектiгi орташа , жылдам тип. БҰл типтегi балалар тәрбиеге оңай көнедi, алғыр болып келедi. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызматiмен жақсы бақылауға қойылған.  БҰл типтегi балалар жақсы сөйлейдi, сөз қоры да жетерлiк болады.

2. Кұштi, салмақты, баяулау тип. МҰндай балалардың шартты байланыстары баяулай орнығады. µмытылған рефлекстерде баулау қалпына келедi.  Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келедi. Олар сөйлеуге оңай ұйренгенмен, алдыңғылармен салыстырғанда баяулау сөйлейдi.  Кұрделi тапсырмаларды орындағанда активтi, және шыдамды.

3. Кұштi, Ұшқалақ, елгезектiгi жоғары, тежелуi қиын  тип. Олардың тежелу процесi жеткiлiксiз. Қыртысасты қызметi жоғары, ми қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. МҰндай балаларда шартты рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары тҰрақсыз. БҰндай типтi балалар ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан қҰбылыстарды қалт жiбермейдi, бiрден араласып кетедi. Олар жылдам, кейде қатты сөйлегенiн де байқамай қалады.

4. Әлсiз тип, елгезектiгi төмен. Шартты рефлекстер  баяу қалыптасады, тҰрақсыз, көбiне баяу сөйлейдi. Жеңiл тежелушi тип. Сырт тежелуi оңай болғанмен iшкi тежелуi әлсiз болады. Оны мҰндай типтегi балалардың жаңа жағдайға қиын ұйренуiнен байқауға болады. МҰндай типтегi балалар кұштi, Ұзақ тiтiркенiстерге шыдамайды, тез шаршап қалады.

Жоғарыда  айтылғандай балалардың жұйке типтерiнiң әртұрлi болуы олардың оқу-тәрбие жҰмыстарын қабылдау мұмкiндiктерiнiң де әр тұрлi екендiгiн көрсетедi. Педагогикалық жҰмыстарды әр оқушымен жеке-жеке жұргiзудi талап ететiндiгi сондықтан. Осылай еткенде  ғана жақсы жетiстiктерге жетуге болады. Сөйте тҰра, бiз жоғарыда жоғарғы жұйке жұйесi қызметiнiң иiлiмдiлiгiн де атап көрсеткенбiз. Ми қыртыстары клеткаларының иiлiмдiлiгi  жұйке типтерiн морфофункционалдық өзгертудiң негiзi болып табылады.  Десекте, типтердi нерв қҰрылымдарының иiлiмдiлiгiн пайдаланып  қарқынды даму кезеңiнде, әсiресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтiк ерекшелiктерiне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павлов та:  тип иiмдiлiгiне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.Импульс қабылдаудың нейрофизиологиялық механизмi мен жасқа байланысты ерекшелiктерi. Қоршаған ортамен қатынаста, оны танып бiлуде импульс қабылдау аса маңызды рөл атқарады. Іабылдау - сыртқы ортадан келген ақпарат-информацияны талдау  және бағалау  процестерiнен тҰратын кұрделi процесс. Информация қабылдауда ми қыртыстарының әртұрлi аудандары қатысып, қабылдайды, талдайды, өңдеп, қабылданған информацияны бағалайды.  Ми қыртыстарының бастапқы проекциялық бөлiктерiнде информация қабылданып, сигналдар талқыланады. Екiншi прекциялық аймақтарда әр тұрлi анализаторлардан тұскен тұскен информациялар кұрделi сенсор комплекстерiнде бағаланады (синтезделедi).  Анализаторлар аймақтары айқасқан жерде- ми қыртыстарының ассоциативтi аймақтарында әр тұрлi анализаторлардан тұскен тiтiркенiстер интеграциясы жұредi. Олар  бҰрынғы тәжiрибелерiнен, тәршәләк сабақтарынан алған эталонмен салыстырылады. Осы ми қыртысы аймағында тұскен информация комплекстi бағаланады. Сөйтiп не iстеу керектiгi жөнiнде шешiм қабылданады. Стимулмен танысылып, оның маңызы анықталады. Назардың нейрофизиологиялық механизмi мен оның жасына орай қалыптасуы. Назар  дегенiмiз оқу-тәрбие жҰмыстарындағы ең  маңызды психофизиологиялық қызметтерге жатады. Іабалдау, назар  өте кұрделi актылар жұйесi. Оған мидың көптеген бөлiктерi қатысады. Назар ми қыртыстарының активтiлiк деңгейiн көтередi. Оған ми қыртыстарын генерал активтендiретiн орта мидың ретикулярлы формациясы, локалды (белгiлi бiр жердi ғана активтендiретiн) активтендiретiн лимбикалық жұйе мен реттеушi жоғарғы ми қыртыстары орталықтары және бақылау жасаушы  ми қыртыстарының маңдай бөлiктерi жатады. Генералды активтендiру ерiксiз назардан сақтандырады.  Локальды активтендiру механизмiмен ерiктi, ниетпен назар аудару процесi жұредi.  Назар мен қабылдау  арасында екiжақты тығыз байланыс орнаған.  Бiр жағынан назар ми қыртыстарын   активтендiрсе, қабылдауды оптималдайды,  әр тұрлi ми қыртыстары бөлiктерiн таңдап, талдап қабылдау процесiне жҰмылдырып отырады.  Ал екiншi жағынан,  назар барлық тұскен информацияны талдау мен өңдеуге негiзделедi.  Сондықтан да назар аудару процессi жас келген сайын мидың активтендiру жұйесiнiң, сондай-ақ информацияны талдау мен өдеуге қатысатын қыртыс қҰрылымдарының қҰрылым-функциональ жетiлуiмен сипатталады.

Мотивация және эмоция, олардың мiнез-қҰлық қалыптасуындағы маңызы. Мотивация дегенiмiз ми қҰрылымдарының организмнiң белгiлi бiр сҰраныстарын қанағаттандыруға бағытталған активтi жағдайы. Мотивация мiнез-қҰлық қалыптасуының алғы шарты болып табылады. Мотивация организмнiң биологиялық талаптарына байланысты да. бiлуге қҰштарлығы жағынан да пайда болуы мұмкiн.  Іандай да болмасын информация-ақпарат  мiнез-қҰлық қалыптаспастан алдын сол моменттегi бар мотивациямен салыстырылады.  Мысалы, қарны тоқ жануарға тамаққа шартты рефлекс жасау қиын, себебi оның қоректiк мотвациясы жоқ.  Мотивациямен эмоция тығыз байланысты.  Мақсатқа жету мен талаптарының қанағаттануы оң, көтерiңкi эмоция тудырады. Оған жетпеу көңiл-кұйiн -- эмоцияны төмендетедi. Адамзаттың басты  сҰранысының бiрi ақпаратқа-информацияға сҰранысы. Осы оң эмоция адамда өмiр бойы таусылмайды.

Эмоция барлық организм жағдайына әсер етедi. Терiс эмоция денсаулыққа керi әсерiн тигiзедi, адамды езiп тастайды, жабырқатады: адам селсоқ, алаңғасар, енжар кұй кешедi.Терiс эмоцияның шегi жылау.  Оң көтерiңкi эмоцияны жымию, кұлу арқылы бiлдiредi.  °рине оң эмоциялар адамның жҰмыс қабiлетiн арттырады. Интеллектуаль жағы жақсарып, қоршаған орта әсерлерi жақсы қабылданады, есте Ұста қабiлетi жоғарылайды. Эмоцияның рөлi балалық шақта әсiресе жоғары. Балалар жаңалыққа өте қҰштар болып келедi. Осы сҰраныстарын қанағаттандыру оң эмоциямен қабат жұредi. Эмоция орталық нерв жұйесi жҰмысын жақсартады. ОНЖ жетiле тұсуi бастапқы мектеп жастарында танып бiлу сҰраныстарын қалыптастырып эмоциясын реттеудi жетiле тұсуiне себеп болады.

Балалар эмоциясы ОНЖ бақылауының әлсiздiгiне байланысты тҰрақсыздау болып келедi. Оны олардың Ұстамсыздығынан аңғаруға болады.  Балалар оңай жылып, артынан көп өтпей-ақ кұле салады. Іуанғаннан қатты кұлiп, айқайлап кетедi. Жасы өскен сайын олардың Ұстамдылығы арта бастайды. °рине оның қалыптасуында тәрбиенiң орны ерекше. µстамды балалар ересектерден ұйренедi. °рине мҰндайда ересектердiң өзi ұлгi болғаны жөн.

Тәжiрибелi оқытушылар сбақты эмоциямен өткiзу оқушылар назарын сабаққа аударудың кепiлi екенiн бiледi. Бiздiң әрқайсымыз көңiл-кұйiмiздiң жақсы болса, жҰмыстың да өнiмдi болатынын бiлемiз.

Ұйқы мен ояулықтың нейрофизиологиялық механизмi. Адам организмi қалыпты тiршiлiк жасауының кепiлi - Ұйқы мен ояулықтың алмасып отыруы.

Ұйқы- организмнiң қоршаған ортамен байланысының айтарлықтай ұзiлуi жағдайы. µйқы организм қабiлеттерiнiң қайта қалпына келтiру болып табылады. Ондайда зат алмасу қарқыны баяулайды, бҰлшық ет тонусы, жұрек жиырылуы бәсеңдейдi. Ол ақыл-ой жҰмысының қалыпты жұруiне де керек. µзақ уақыт Ұйқы азайса адамдардың  ақыл-ой жҰмысы нашарлап, ашуланшақ, тiтiркенгiш бола бастайды. Психикасынан да ауытқулар байқауға болады.

Ұйқы мен iшкi тежеу табиғаты бiр процесстер.lшкi тежелу ояу кезде тек бiрқатар клеткаларды ғана қамтыса, Ұйқы кезiнде ми қыртыстары мен одан төмен орналасқан ми бөлiктерiнде де болады. Ол  клеткалардың тынығып қайта қалпына келуiн қамтамасыз етедi. Қызмет ауысуы мидың әр тұрлi қҰрылымдарының әсерлесуi арқылы жұзеге асады.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Балалардың жоғарғы жұйке жұйесi қызметiнiң типологиялық ерекшелiктерi

2. Назар  дегенiмiз не

3. Мотивация және эмоция

4. Балалар эмоциясы

5. Ұйқы мен ояулықтың нейрофизиологиялық механизмi.

 

Әдебиеттер

 

1.Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ. 1985 .

2.Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.

3.Сатпаева  Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы ғылым. Алматы.Ғылым ,1999